Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлесті

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлесті

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефонмен сөйлесті
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Министрлер жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ мемлекет басшыларының жақында Сочи қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері қарастырылды.