Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты жол құрылысының сапасын тексерді

ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаты жол құрылысының сапасын тексерді

Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов Оралдағы 25-ші Чапай дивизиясы көшесі жолдарының жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Орал қаласы Теміртау көшесінен 25-ші Чапаев дивизиясы №6 дейін, Чапаев дивизиясы көшесінің жолы күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылдан өтпелі кезеңмен жүргізіліп жатыр.  Аталған нысанның жұмыстары өткен жылдан бері жүргізіліп жатқандықтан, жұмыстардың 90%-ы дайын. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, 10 күн шамасында нысан қолданысқа берілетін болады. Қазір 25-ші Чапай дивизиясы көшесінде таңба салу, жол белгілерін орнату, жол бойындағы арықтарды қазу, жол съездерін жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.