Жаңалықтар

«Табысқа апарар жол» NIS-тен басталады

ашық дереккөзі

«Табысқа апарар жол» NIS-тен басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты бірінші республикалық жас мұғалімдер форумы өз жұмысын тәмамдады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова форум қатысушыларын өзінің табысты және шығармашыл әріптестері ретінде атай алатынын мақтанышпен жеткізді: "Біз, ұстаздар, болашақ премьер-министрлер мен президенттерді, ұлт қаһармандары мен әлем жұлдыздарын, ең бастысы, нағыз патриоттар мен бақытты адамдарды кездестіріп, оқытамыз. Бүгінде еңбек жолын бастаған әрбір жас маман өз өмірін мектепке, балаларға арнайды". Республикалық форум жас мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған NIS-тің  ауқымды жобасын жалғастырды. Идеяның өзі жас ұстаздардың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесуден кейін туған.  Елордада, Өскеменде, Қарағандыда, Алматыда, Павлодарда, Қостанайда бірқатар кейс-сессиялар өтті. "Технология мен экономиканың қарқынды дамуы білім саласына қуатты серпін береді.  Бүгінгі таңда мұғалімдердің заман талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды.  Мұғалім – қашанда сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму траекториясы жеке, бірақ әрқашан әлемдік білім беру тенденцияларына сай болуы керек", – деп педагогтердің кәсіби дамуы мен мамандықтың логикалық эволюциясының ерекше маңызын Күләш Шәмшидинова атап өтті. TEDTalk-те форумға қатысушылар мотивациялық спикерлерді ыстық ықыласпен қарсы алды,  жас ұстаздар алдында өз кәсібінде табысқа жеткен беделді қазақстандықтар сөйледі.