Жаңалықтар

Қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері

ашық дереккөзі

Қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері

23 тамызда Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл сая­саты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғы­лыми-практикалық орталығының шетелдіктерге қазақ тілін оқытатын оқы­тушылар мен әдіскерлерге арнап ұйымдастырған «Шетелдіктерге қазақ тілін оқы­тудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы ха­лық­аралық біліктілікті арттыру онлайн семинары өз жұмысын бастады. Құттықтау сөз сөйлеген Шайсұлтан Шаях­­­­­метов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғы­лыми-практикалық орталығының бас ди­ректоры, филология ғылымдарының кан­­дидаты Ербол Тілешов: «Біз қалайық, қа­ламайық жаһанданудың ішіндеміз. Күні ке­шегі «оқыту», «білім беру» дегеніміз белгілі бір ақпаратты беру және оны қайта маз­мұн­дау деген тар түсінік аясынан шығып, алын­ған білімді күнделікті өмірде қолдану, адам­заттың игілігіне жарату болып өзгерді. Бі­лім алушыларға тек жаңа ақпаратты беріп қа­на қоймай, оларды сыни тұрғыдан ой­лау­ға итермелеу, анализ жасау, оны қол­дану­ды үйрету әр оқытушының алдында тұр­ған үлкен міндет», – деп атап көрсетті. Халықаралық іс-шараның алғашқы шы­мылдығын Сүлейман Демирел уни­вер­си­теті MDE орталығының ғылыми коор­ди­на­торы, филология ғылымдарының кан­ди­даты, қауымдастырылған профессоры Рай­хан Абнасырова ашып, «Шетелдіктерге қа­зақ тілін оқытудағы цифрлық тех­но­ло­гиялар» туралы жан-жақты әңгімеледі. Дәріс барысында жаппай ашық онлайн курс­тар­дың мүмкіндіктері кеңінен сөз болып, қы­зықты тәлім соңы тәжірибелік жұ­мыс­тарға ұласты. Семинардың келесі күні Сүлейман Де­мирел университетінің MDE орталығының оқытушысы Әлия Закария «Шетелдіктерге қазақ тілін үйретуде дағды қалыптастыра­тын тиімді бағдарламалар» мен «Қазақ тілін шет тілі ретінде ашық білім беру платфор­ма­сы арқылы оқыту» туралы айтады. Халықаралық шараның үшінші күні Шай­сұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қа­зына» ұлттық ғылыми-практикалық орта­лы­ғы әдістеме басқармасының ғылыми қыз­меткері Айгүл Орманова семинарға қ­а­тысушыларды «Абай институты» жо­ба­сының 2022 жылғы жұмыс барысы және бо­лашаққа жоспарымен таныстырады. Семинар қорытындысында қаты­су­шы­ларға арнайы сертификат табысталады.

Б.БАЛЫҚБАЙ