Жаңалықтар

Ата Заң – елдіктің алтын діңгегі

ашық дереккөзі

Ата Заң – елдіктің алтын діңгегі

Адамзат баласы өмірінің әр кезеңінде, дамудың әр сатысында бел­гілі бір ережелер қатарын, заңдар тізбегін қабылдап және ұста­нып келген. Осы ретте Конституция – барлық заңның бағыт-бағ­дарын, елдің болмысын анықтайтын басты заң. Біздің мемлекетіміз өз Тәуелсіздігін алып, алғашқы Конституциясын қабыл­дап, әлемдік қауымдастықтың тең мү­ше­сіне айналды. Бірақ мемлекет да­мы­ған сайын, қоғамның талаптары мен құн­дылықтары өзгерген сайын Ата Заң да өзгеріске ұшырап отырады. Негізгі Заң, ол – қатып қалған дүние емес, ол за­ман ағымына сай бейімделіп отырады. Әр елдің тарихында маңызды дәуір­лер болады. Біз осындай сәтте, яғни Жаңа Қазақстанның құрылуы кезеңінде өмір сүріп келеміз. Жаңа қоғам мен мем­ле­кетті қалыптастырудың басты мақ­сат­тары: қоғамдағы әділдікті нығайту, аза­­маттардың мүдделері мен құқық­та­рын қорғауды қамтамасыз ету, қазақ­стан­дықтардың өмір сүру сапасын жақ­сарту, қордаланған ауқымды проб­ле­маларды шешу және халық мүддесін іске асыруға бағытталған жаңа мем­ле­кеттің тұғырын қалыптастыру. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы кешенді және қажетті ре­формаларды жүзеге асыру үшін мем­лекетіміздің басты заңы – Консти­ту­ция­ға жалпы ұлттық референдум арқылы өзгерістер енгізу қажетін ұсынды. Бұл рет­те атап өтерлік жайт, бұған дейін Не­гізгі Заңға енгізілген өзгерістер қа­тары тек Парламент қабырғасында қарас­тырылып, бекітілген болатын. Ел тари­хында алғаш рет Ата Заңға өзгеріс­тер енгізу референдум арқылы іске асты. Менің ойымша, референдум – ол демо-к­ратияның басты көрсеткіштерінің бірі. Конституциялық реформалар ха­лық­тың мүддесін қорғауды нығайтып, ел­дің экономикасы мен әлеуметтік са­ла­сын жетілдіруге, мемлекеттің құнды­лық­тарын өзгертуге және дамудың жаңа көк­жиегінің негізі болады. Қазір елімізде Конституцияда ха­лық­тың басым бөлігі қолдаған рефор­ма­ларды өмірге келтіру мақсатында заң­шығарушылық арнада үлкен жұ­мыс­тар қолға алынып отыр. Игі өзгерістерді бүкіл қоғам, елі­міз­дің әр азаматы сезінуі керек. Жаңа Қа­зақ­­станның трансформациясы елдің мүд­­десін қамтамасыз етуге, халықпен би­­ліктің етене тығыз байланысын арт­тыру­ға, яғни халық үніне құлақ асатын мем­­лекет, азаматтарға қызмет ететін мем­­лекеттік аппаратты қалыптастыру сияқ­­ты аса өзекті қағидаттарға негіз­дел­ген. Бұл ауқымды жұмысты және еліміз үшін аса маңызды мақсатты іске асыру үшін әрқайсысымыз аянбай еңбек етуі­міз ке­рек. Барша отандастарымызды Консти­туция күнімен шын жүректен құттық­тай­мын! Еліміздің берекесі мен қоғамы­мыздың бірлігі артсын, Қазақстанның дамуы қарымды болсын! Мемлеке­ті­міз­дің алға қойған мақсаттары сәтті іске ас­сын деген тілек білдіргім келеді.

Шухрад Шардинов, «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының де­пу­таты