Жаңа Қазақстанның жаңа Конституциясы – Тәуелсіздік тірегі

Жаңа Қазақстанның жаңа Конституциясы – Тәуелсіздік тірегі

Жаңа Қазақстанның жаңа Конституциясы – Тәуелсіздік тірегі
ашық дереккөзі

Әр елдің мемлекеттілігінің тарихы бар де­сек, оның дербес мемлекетке ай­на­лып, Конституциясының қабылдануы – тари­хи оқиға. Себебі конституциясы бар мемлекет өз Ата заңы негізінде елдің тұтастығы мен тәуел­сіздігін қорғайды. Сол арқылы ішкі, сырт­қы саяси бағытын белгілеп, халықаралық қауым­дастықтың толыққанды мүшесі болады. Яғни, конституциясы бар ел – мемлекет ре­тінде мойындалған ел.

Еліміздің Конституциясы тарихына шолу

Біздің мемлекетіміздің тарихи та­мыры ондаған ғасырға кетсе де, бү­гінгі Қазақстан мемлекетінің ең негізгі іза­шары – осыдан 557 жыл бұрын (1465 жы­лы) қазақ елінің осы күнгі аймағында құрыл­ған Қазақ хандығы! Сол хандықтың тұ­сында халқымыздың әдет-ғұрыптары не­гізінде пайда болған «Жеті жарғы» атты заң­дар жинағы – біздің ең алғашқы ұлттық конс­титуциямыз. «Жеті жарғы» өзінен бұрын­ғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атты ұлттық ұста­ным­ның бекітілуі еді. Сондықтан ол ғасыр­лар бойы халқымыздың басты заңы ре­тін­де өмір сүрді. Дегенмен уақыт өте келе мемлекет болу­дың формасы өзгеріп, жаңа тұр­паттағы заманауи мемлекетке айнал­ған­да әлем елдеріне ортақ заң жүйесі қа­зақ­қа да келді. Сөйтіп, жиырмасыншы ға­сыр­дың алғашқы ширегінде тұңғыш рет ал­ғашқы Конституциямыз қабылданды. Ол 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған Қазақ АКСР-ының Конституциясы еді. Рас, ол кез­дегі Конституциямыз КСРО мемле­ке­ті­нің құрамында жеке-дара ұлттық респуб­лика ретінде құрылғанымыздың айғағы бол­ды. Сөйтіп, Қазақстан тәуелсіздік алған­ша 1937 жылы екінші, 1978 жылы үшінші рет Қазақ КСР Конституциясы қабылданды. Ал еліміз тәуелсіздік алған соң алғашқы Конс­титуциямыз 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңе­сінің ІХ сессиясында қабылданды. Бұл – Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мем­лекеттің тұңғыш Конституциясы еді. Ол Конституция еліміздің саяси құры­лы­мына парламенттік республика моделін бе­кітті. Дегенмен 1995 жылы 30 тамызда өт­кен республикалық референдум негізінде қа­зіргі қолданыстағы конституциямыз қа­былданды. Ол Парламентті Сенат пен Мә­жіліс атты екі палатаға бөлу, Жоғарғы Кеңес­тің таратылуы, Парламенттің заң­на­малық функциясын Президент, Үкімет, Пар­ламент атты үш институтқа бөлу сын­ды ауқымды сәттермен ерекшеленді. Ал 1998, 2007, 2011, 2017, 2019, 2022 жылдарда Қа­зақстан Конституциясына бірнеше рет өз­герістер енгізілді. Сөйтіп, 1993 жылғы ал­ғашқы Конституцияға осы уақытқа дейін 6 рет өзгерістер мен толықтырулар жа­салды. Ал бұл өзгертулер мен толық­тыру­лар жайында айтатын болсақ, 1995 жы­лы Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Президенті саяси жүйенің басты тұл­ғасы болып табылады, билік тар­мақ­тары­нан жоғары тұрады. Бұл президенттік бас­қару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1998 жылы Конституцияның 19-бабы­на өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бірінші кезекте өзгерістер Президенттің, Пар­ламент депутаттарының мерзімдері мен функцияларына қатысты болды. Сон­дай-ақ мемлекеттік қызметкер үшін бұрын қарастырылған жоғары жас шегі жойылды. «35 жастан асқан адам президент болып сай­­лана алады» деген сөйлем «40 жастан ас­қан» деп өзгертілді. 2007 жылғы түзетулерлерге келсек, он­да­ғы басты өзгерістер мынадай: про­пор­ционалды сайлау жүйесіне көшу; Премьер-Ми­нистрді парламенттік көпшілік дауыс­пен бекіту туралы норманы енгізу және Үк­і­мет басшысын тағайындау кезінде Пре­зиденттің партиялық фракциялармен кон­сультациялар рәсімі есебінен Парла­мент мәртебесін нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді және белгіленген квотаға сәйкес өз өкілдерін Парламент Мәжілісі мен Сена­тына жіберу құқығына ие болды. 2011 жылғы ақпанда Конституцияға ел Пре­зидентінің кезектен тыс сайлауын та­ғайын­дау мен өткізудің конституциялық не­гіздерін белгілеуге бағытталған өзге­ріс­тер енгізілді. Сол кезде Назарбаевқа «Ел­ба­сы» мәртебесін бекіткен толықтырулар да қо­сылған. Бұдан басқа, заң жобалары Қа­зақ­станның Тұңғыш Президентінің бей­не­сін бүлдіргені, оның өмірбаянын көпшілік ал­дында қорлағаны және бұрмалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көз­дейді. 2017 жылғы наурызда Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті конституциялық ре­форма туралы жариялады, оның басты мақ­саты республика Президентінің жеке­ле­ген өкілеттіктерін Парламент пен Үкі­мет­ке беру болды. Сонымен бірге: тер­ро­рис­­тік қылмыстар жасағаны үшін, ҚР өмір­лік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімі бойын­ша азаматтықтан айыру негіздері көз­делді. Президентке қойылатын талап­тар өзгертілді, атап айтқанда, жоғары білі­мінің болуы қажеттігі бекітілді. Ал Конституциямызға бесінші өзгеріс – 2019 жылғы 23 наурыздағы заңмен ен­гі­зіл­ді. Бұл елорда атауының Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгеруіне байланысты жасалды. 2019 жылғы 20 наурыздағы Конс­ти­ту­ция­лық Кеңес: «Қазақстан Республикасының ас­танасын «Астана» атауынан «Нұр-Сұлтан» деп атауға қатысты өзгерістерді бекітті. Бұл заңға еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Айта кету керек, 1998-2019 жылдардағы Қазақстан Консти­туция­сына енген өзгерістердің барлығы референ­думсыз жасалды.

Жаңа Қазақстанның жаңа Конституциясы

2022 жылдың 29 сәуірі күні өткен Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының 31-сес­сия­сында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаев Конституцияға тү­зетулер енгізу бойынша республикалық ре­ферендум өткізуді ұсынды. Мемлекет бас­шысы бұл туралы: «Конституцияға түзе­тулер енгізуді Парламент қарайды деп ой­­лаған едік. Бұл – қолданыстағы заң­на­ма­да орныққан рәсімнің бірі. Алайда ал­дағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел бо­лашағына айрықша әсер етеді. Сон­дықтан мен Ата Заңға өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу жөнінде республикалық ре­ферендум өткізуді ұсынамын» деді. Сөй­тіп, осы жылдың 5 мамыры күні Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда рес­публикалық референдум өткiзу туралы Жар­лыққа қол қойды. Солайша, Қазақстан хал­қы көрсетілген мерзімде рефрендумға қа­тысып, «Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касы заңының жобасы «2022 жылғы 6 ма­мырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы заңының жобасында баяндалған Қа­зақстан Республикасының Консти­туция­сына өзгерістер мен толықтыруларды қа­былдайсыз ба?» деген сұраққа жауап бе­ріп өз таңдауын жасады. Орталық ре­фе­рен­дум комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге тиісті азаматтардың 68,06 пайызы қа­тысып, оның 77,18 пайызы Конституция­лық өзгерісті қолдап дауыс беріп,қоғам дамуы үшін билік пен халықтың пікірі бір жер­ге тоғысқанын дәлелдеді. Сөйтіп бүкіл­ха­лықтық референдумның негізінде Жаңа Қа­зақстанның жаңа Конституциясы қа­был­данды. Әрбір конституциялық өзгерістің маңы­зы бар десек, биылғы Қазақ­стан Республикасының Ата Заңына ен­гізілген өзгерістер мен толықтырулар елі­­міздің Негізгі Заңын жетілдіре түсті деп ай­та аламыз. Сондықтан 1995 жылы қа­был­­данып, соңынан бірнеше рет түзетіліп, то­лықтырулар жасалған және осы жыл­дың 5 маусымына дейін қолданыста бол­ған Конс­титуцияға енгізілген өзгеріс­тер мен то­лықтыруларды қысқа шолып кө­рейік: I бөлім. Жалпы ережелер. 4-баптың 1-тар­мағы, 6-баптың 3-тармағы өзгертілді. IІ бөлім. Адам және азамат. 15-баптың 2-тармағы, 23-баптың 2-тармағы, 24-бап­тың 1-тармағы өзгертілді. IІІ бөлім. Президент. 42-баптың 2-тар­мағы, 5-тармағы өзгертілді. 43-баптың 1-тар­мағы өзгертілді, 2-тармағы алынып тас­талды және түсіндірме берілген 3-4-тар­мақ­тармен толықтырылды. 44-баптың 2-3-4-7-тармақтары және 10-тармақтың 1-тармақшасы, 19-тармағы өзгертілді. 46-баптың 4-тармағы алынып тасталды. 47-баптың 1-2-тармағы өзгертілді. IV бөлім. Парламент. 50-баптың 2-3-тар­мағы, 51-баптың 1-тармағы, 52-бап­тың 5-тармағы өзгертілді. 53-баптың 1-тар­мағына 1-тармақша, 53-бапқа 1-2-тармақша қо­сылды, 2-6-тармағы өзгертілді, 54-бап­тың 1-2-тармағы, 55-баптың 2-3-тармағы өз­гертіліп, 56-баптың 1-тармағының 1-тар­мақшасы өзгертіліп, 3-1 тармақша қосылды. 57-баптың 1-тармағы, 57-баптың 3-тарма­ғы­ның 7-тармақшасы, 61-баптың 2-тар­ма­ғы, 3-4-тармағы, 62-баптың 5-6-тармағы өз­гертілді. VІ бөлім. Конституциялық Сот. 71-бап­­тың 1-2-3-4-5-6-тармақтары, 72-бап­тың 1-2-3-4-5-баптары, 73-баптың 1-2-3-тар­мақ­тары, 74-баптың 2-3-тармағы өз­гер­тілді. VІІ бөлім. Соттар және сот төрелiгi. Про­куратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл. 78-бабы, 82-бабының 4-5-тармағы, 83-бап­тың 4-тармағы өзгертілді және жаңа бап (83-1) қосылды. VIII бөлім. Жергiлiктi мемлекеттiк бас­қару және өзiн-өзi басқару. 87-баптың 4-5-тармағы, 88-баптың 4-тармағы өзгер­тілді. IX бөлім. Қорытынды және өтпелi ере­же­лер. 91-баптың 2-3-тармағы өзгер­тілді, 99-бапқа 1-2-3-тармақтар қосылды. Осылайша, 1995 жылы 30 тамызда қа­былданып, 2022 жылдың 8 мау­сым күні соңғы өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциясы 10 бөлім, 99 баптан тұрады. Конс­титуциялық заңдар мен заңдарды қа­былдау тәртібін, сондай-ақ Консти­туция­лық Соттың қызметін айқындайтын Қ­азақ­стан Республикасының Конституция­сының ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Ал жаңа Конституциямыздағы өзгеріс­тер­ге келсек, бұдан былай Қазақстан Рес­пуб­ликасында: Суперпрезиденттік басқару форма­сы­нан күшті парламенті бар прези­дент­тік формаға көшеді; Жер және оның қойнауы, су көздері, өсім­діктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі бола­ды; Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, ква­зи­мемлекеттік сектор субъектісі басшы­лары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ; Қазақстандықтар өз бетінше Консти­туциялық Сотқа жүгіне алады; Өлім жазасына тыйым салынады. Еш­кімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ; Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сай­лау жүйесі бойынша құрылады; Сенаттағы Президенттік квота қыс­қара­ды, мәжілістегі ҚХА квотасы жойы­лады; Мажоритарлық жүйе депутатты сай­лаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді; Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ере­же­лер алып тасталады. Міне, мұның бәрі еліміздің бола­ша­ғын айқындайтын өзгерістер. Ал еліміз азаматтары Қазақстанның көптеген оң­ды өзгерістер енгізіліп, толықтырулар жа­салған еліміздің Ата Заңын ерекше ықы­ласпен қабылдап отыр. Өйткені бұл Жаңа Қазақстанның жаңа Конституциясы!