2023 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?
Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге;
- Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.
Сондай-ақ, зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат құжатқа сәйкес жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5 пайызға арттыруға қарастырылған.
ӘМСҚ-на төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызын құрайды.
Заң жобасы сайтта 2022 жылдың 8 қыркүйегіне дейін қоғам талқылауында болады.