Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан 7 медаль жеңіп алды

Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан 7 медаль жеңіп алды

Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан 7 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі

Таеквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан жеті медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан турнирде Мырзағали Сұрановтың шәкірттері үш алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: І орын - Нұрперзент Саматұлы, 33 кг І орын - Достан Нажимханов, 49 кг І орын - Ярина Пуганцова, 29 кг ІІ орын - Нұрай Амангелді, 37 кг ІІ орын - Дарын Зейнеш, 57кг ІІ орын - Теміржан Тасқын, 41 кг ІІІ орын - Жұмабек Нұрайым, 44 кг. Айта кетсек, Қазақстаннан кадеттер арасындағы Азия біріншілігіне 20 таеквондошы аттанды.