Ашыққан адамның ағзасына инфекция жұқпайды – зерттеу

Ашыққан адамның ағзасына инфекция жұқпайды – зерттеу

Ашыққан адамның ағзасына инфекция жұқпайды – зерттеу
ашық дереккөзі
Ашыққан адамның ағзасында инфекцияның таралуы мен көбеюіне жол жоқ. Бұл ішек микробиомасының жақсаруымен байланысты. Осылай дейді, Британияның Колумбия университетінің ғалымдары. Олар бұған зертхана тышқандарына эксперимент жасап жүріп көз жеткізген. Зерттеушілер тышқандарды 48 сағат бойы аш ұстап, кейін проральды жолмен сальмонелла бактериясын ағзасына енгізіп көрген. Бактерияның бұл түрі жануарға да, адамға да қауіпті. Асқазан мен ішек жолының ауруына шалдықтырады. Әдетте, мұндай инфекцияны жұқтырған адам мен жануардың тәбеті қашып, уланады. Ашыққан тышқандарда мұндай белгінің бірде-бірі байқалмаған. Сальмонелла бактериясы ішек жұмысына кесірін тигізе алмаған, қабыну мен зақымдану белгілері болмаған. Ал осы тышқандарды бір күн бойы тамақтандырып, қайтадан сальмонелла жұқтырғанда, бұл жолы жәндіктер ауруға шалдығып шыға келген. Инфекция ішек жолының бұрыш-бұрышына еніп, көбейіп кеткен. Қабыну аш тышқандарға қарағанда қауіптірек боп шыққан.