Сейсенбі, 27 Қыркүйек, 2022

Қазақстан мен Үндістан әскери саладағы ынтымақтастықты талқылады

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында Қазақстанның қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Үндістан қорғаныс ведомствосының басшысы Раджнатх Сингх екіжақты кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгерлік қызмет, кадр даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.

«Қорғаныс ведомстволарының басшылары екіжақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, 24 тамызда Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі басталды.

Уuz.uz порталының мәліметінше, кеңеске ұйымға мүше елдердің және бақылаушы мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысып жатыр.

Кеңес күн тәртібіне сәйкес, делегациялар әскери саладағы бірқатар мәселені талқылайтын болады.

ШЫҰ қорғаныс министрлерінің бұған дейінгі кездесуі 2021 жылы 28 маусымда Тәжікстанда өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button