Жаңалықтар

Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

ашық дереккөзі

Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері күдікті ретінде 27 жастағы ер адамды ұстаған. - Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.  Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Павлодар қаласының орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын. Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде кірпішпен шабуылдаған адамға қатысты шара қолдануды сұраған. Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктінің жеке басын анықтады.