Таиланд премьер-министрі уақытша қызметінен шеттетілді

Таиланд премьер-министрі уақытша қызметінен шеттетілді

Таиланд премьер-министрі уақытша қызметінен шеттетілді
ашық дереккөзі
Прают Чан-Оча Таиландтың 2017 жылғы конституциясында көзделген 8 жылдық өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін премьер-министр қызметін жалғастыра алатындығы туралы сот шешімі шыққанша биліктен шеттетілді деп хабарлады turkystan.kz. Конституциялық соттың мұндай шешім қабылдауына Таиланд парламентінің оппозициялық көзқарастағы 172 депутаттың шағымы себеп болған. Олар сотқа Прают Чан-Очаның қазіргі жағдайда үкімет басшысының өкілеттіктерін орындауды жалғастыра алатындығын анықтау туралы өтініш жолдады. Корольдік Таиланд армиясының генералы және қолбасшысы Прают Чан-Оча 2014 жылы 20 мамырда болған әскери төңкерісті басқарған. Сол кезде ол Бейбітшілік пен тәртіп жөніндегі өтпелі ұлттық кеңестің жетекшісі болды. Ал 24 тамызда премьер-министр қызметіне кірісті. Енді Таиландтың премьер-министрінің орынбасары Правит Вонгсуван үкімет басшысының міндетін уақытша атқара тұрады. Қазіргі уақытта биліктегілер Конституциялық соттың шешімін күтіп отыр.