Шығыс Қазақстандағы мектептердің жағдайы мәз емес

Шығыс Қазақстандағы мектептердің жағдайы мәз емес

Шығыс Қазақстандағы мектептердің жағдайы мәз емес
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысындағы 5 мектеп апатты жағдайда тұр деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметіне сүйенсек, мамандар мектептердің алдағы оқу жылына дайындығын тексерген. Барлығы 642 білім ордасына бақылау жасалды.
«61 мектепте компьютерлік сыныптардың жоқтығы анықталды. Компьютерлердің 20 пайызы ескірген. Интерактивті тақталардың 15 пайызы жұмыс істемейді. Мектептердің 62 пайызындағы физика, химия, биология кабинеттері ескі модификацияда», - дейді департамент басшысы Зейнеп Махсутова.
Оның айтуынша, білім беру мекемелерінің 87 пайызында ғана спорт залы бар. Ал олардың жартысынан астамы спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталмаған. Мектептердің 35 пайызында бейнебақылау жүйесі бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді.
«Мониторинг барысында 5 апаттық және 7 апаттық жағдайға дейінгі мектеп анықталып отыр. Облыстың 80 мектебі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі уақытта оның сегізінде ғана жұмыс жүргізілуде», - дейді Зейнеп Махсутова.