Жаңалықтар

Украина елшісі қазақтың ұлттық киімдерін кие бастады

ашық дереккөзі

Украина елшісі қазақтың ұлттық киімдерін кие бастады

Украина елінің Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский қазақтың ұлттық киімдеріне қызығушылық білдірген деп жазды turkystan.kz. Бұл жайында Қазақстанда ұлттық нақыштағы аяқ-киім өндірісін жолға қойған етікші Самғау Нәсіпхан әлеуметтік желіде жариялады. «Бүгін Украина елінің тәуелсіздік алған күні екен. Украина еліне тәуелсіздігінің ұзақ болуын және жеңіс тілейміз. Еліміздегі Украина елшісі Петр Врублевский мырза біздің аяқ киімге қызығып, кәсіпкер Арман Шораев ағамыз арқылы ұлттық етік тіктіріп алды» деп жазды шебер.