«Қорқып жүрмін»: Сарбаз қайтыс болар алдында сөз байласқан қызына хат жазған (ВИДЕО)
«Қорқып жүрмін»: Сарбаз қайтыс болар алдында сөз байласқан қызына хат жазған (ВИДЕО)
Атыраулық сарбаз Мираш Бекбол Досболұлы қайғылы оқиғадан бұрын сөз байласқан қызына хат жазған деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен көрінген адамнан қорқып жүрмін. Мына өмірден жоқ болып кеткім келеді. Бәрінен шаршадым. Былай қорқынышпен өмір сүргенше өлгенім артық. Мен сені жақсы көремін» деп жазған сарбаз хатын сөз байласқан қызы оқып берді. Сондай-ақ жақындары мен достары соңғы уақытта сарбаздың жиі ақша сұрағанын айтады.
Бекбол Досболұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан әскер қатарына сәуір айында шақырылған. Марқұмды туған-туысы 22 тамыз күні жерледі. Сарбаздың денесі Жамбылдан Атырауға ұшақпен, одан Миялы ауылына дейін тікұшақпен жеткізілді.