Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді деп хабарлады  turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Ең алдымен, керемет қала Бакуға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүгін кең ауқымды мәселелер жөнінде жемісті келіссөз жүргіздік. Әзербайжан Президенті дұрыс атап өткендей, ешқандай проблема, кедергілер болған жоқ. Керісінше, экономикалық салада болсын, гуманитарлық бағытта болсын, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін күш-жігерді арттыруға өзара ниет таныттық.