37 жастағы Мақсат Саматұлы әкім болып тағайындалды

37 жастағы Мақсат Саматұлы әкім болып тағайындалды

37 жастағы Мақсат Саматұлы әкім болып тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 37 жастағы Мақсат Саматұлы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Ол бұл тағайындауға дейін Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қ. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда, оның ішінде 2019 жылдан 2022 жылға дейін – Алматы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті. Соңғы 8 айда Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Мақсат Саматұлы – меритократия қағидатына сәйкес, Алматы және Байқоңыр аудандары әкімінің орынбасарына дейінгі жолды өткен тәжірибелі маман. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында әкім алдына аудан мен елді мекендерді дамыту жөнінде бірқатар міндеттер қойылды.