Болашақта қандай тіл сұраныста болады? – Министр жауап берді
Болашақта қандай тіл сұраныста болады? – Министр жауап берді
Білім саласының мамандарымен кездескен Саясат Нұрбек болашақта әлемдік еңбек нарығында қандай тіл танымалдыққа ие болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазір әлем халқының саны 8 млрд-тан асты. Биыл Үндістан ресми түрде халқы ең тығыз орналасқан ел атанды. Ал таяу жылдары тұрғындары миллиардтан асады деп болжанған үш мемлекет бар. Олар – Индонезия, Нигерия және Африка. Таяу келешекте еңбек нарығының басым бөлігін Африка халқы құрайды. Ал 2050 жылға қарай әлем бойынша 35 жасқа толмаған жұмыс күшінің жартысы Африка үлесінде болмақ. Осыған байланысты алдағы уақытта француз және араб тілдері танымал болады. Осыны ескеріп, ниет болса, балаларыңызға қосымша француз тілін оқытсаңыздар болады», – деп зерттеулерге негізделген болжаммен бөлісті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.