Пандемиядан кейін реаблитолог маманның ауадай қажет екенін түсіндік – дәрігер

Пандемиядан кейін реаблитолог маманның ауадай қажет екенін түсіндік – дәрігер

Пандемиядан кейін реаблитолог маманның ауадай қажет екенін түсіндік – дәрігер
ашық дереккөзі
Күрделі операциядан кейін сынған сүйек, шыққан буын, тартылған сіңір бірден қалпына келіп, адам сауығып кетпейді. Себебі операция емнің ең күрделі проблемасын шешкенімен, одан кейінгі қайта қалпына келудің жолын көрсетпейді. Онымен тек реаблитолог маман айналысады. Жалпы, реаблитация деген сөз таныс па? Бізде қаншалықты дамыған? Міне, осы сұрақтарға жауап алу үшін turkystan.kz сайтының тілшісі Елордадағы «PRO SPORT» диагностика, емдеу және реаблитация орталығының реаблитолог дәрігері Айдарбеков Арыс Айдарбекұлымен сұхбаттасты. - Қазақстандықтар реаблитолог маманға жүгіне ме? Жалпы, бұл сала бізде енді дамып жатқан секілді. - Иә, реаблитация саласы Қазақстанда әлі дамушы кезеңде тұр. Енді-енді үйренісіп, қалыпқа келе бастады. Оның өзінде пандемияның әсері бар. Себебі пандемия кезінде дәл осы реаблитолог мамандар ауадай қажет болды. Кадр тапшы. Маман жоқ. Бар дегендердің бәрі нақ осы маман иелері емес. Олар бұрын: физиотерапевт, массаж жасайтын, емдік дене шынықтыру жаттығуларын жасатып жүргендер әрі бұлар өздерін науқастарға реаблитолог маманбыз деп таныстырады. Дұрыс емес. Өйткені реаблитолог маман 9 жыл оқып, кейінгі 2 жыл резиденциясын реаблитация саласында жалғастыруы керек. Ал бізде 1-3 ай арасындағы курстарға қатысып, өзін реаблитолог санайтындар көп.  width= - Бұл қауіпті ме? - Әрине. Оларда базалық фундамент, медициналық білім жоқ. Массаж жасап, емдік шарасын қолданатын болар, бірақ науқастың нақты диагнозын білмейді. Кейін науқас маманның қателігінен қайта емделуге жүгінсе, әлгі курс оқыған реаблитолог ештеңе істей алмайды. Себебі реаблитация қысқа уақыт ішінде игеріп, аз уақытта науқасты аяғынан тұрғызып жіберетін сала емес. - Бізде реаблитация саласын оқытатын арнайы факультет бар ма? - Қазақстанда арнайы оқытатын факультет бар. Мәселен, пандемия кезінде реаблитолог мамандарға деген сұраныс артты. Себебі, дұрыс тыныс алуға, өкпені қалпына келтіру, дұрыс жаттығу жасау секілді проблемалармен реаблитолог маман айналысады. Негізі қазірдің өзінде бізде мамандар әлі аз.  width= - Мамандардың жетіспеуіне не себеп? Біздегі мемлекеттік ауруханаларда реаблитолог мамандар бар ма? - Мемлекеттік ауруханаларда реаблитолог дәрігерлер бар, бірақ олардың жалақысы аз. Одан бөлек, барлық ауруханада реаблитацияға керек жағдай жасалмаған. Кей құрал-жабдықтар өте қымбат тұрады. Мәселен, операциядан шыққан науқасқа 10 шақты күн мемлекеттік ауруханада ем-дом жасалады. Одан кейін процесс тоқтайды. Науқас сырттан, жекеменшік орталық іздейді. Сол кезде олармен біз жұмыс істейміз. 10 күн деген ештеңе өзгертпейді. Ол науқасқа 3 ай немесе жарты жыл уақыт керек болуы мүмкін. Ал реаблитация солай созылған сайын, дұрыс жаттығуларды жасаған сайын нәтиже береді.

Марғұлан АҚАН.