Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан  Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарланды Ақорданың твиттерінде.

Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы 1964 жылы Талдықорған облысы, Панфилов ауылында (қазір — Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген.

1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.

1987-91 — Қазақ политехникалық институтының тарих пәні мұғалімі.

1991-93 — ҚМУ аспиранты. 1993-97 — Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары.

1997 — ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары.

1997-98 — ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары.

1998-99 — ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

1999-2001 — ҚР Сыртқы істер вице-министрі.

2001-2003 — Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

Сәуір, 2003 — наурыз, 2006 — Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.

3 наурыз, 2006 — тамыз 2007 — ҚР Сыртқы істер вице-министрі.

Тамыз, 2007 — қыркүйек, 2008 — Австриядағы ҚР елшісі — ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі.

Қаңтар, 2008 — ЕҚЫҰ Экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы.

Қыркүйек-желтоқсан, 2008 — ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі.

Желтоқсан, 2008 — наурыз, 2011 — ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

Наурыз, 2011 — Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. 2-ші санатты Төтенше және Өкілетті Елші шеніне ие (2001).

Back to top button