Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігі үшін қандай жұмыс жүргізіледі?
Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігі үшін қандай жұмыс жүргізіледі?
Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы уақыт қалды. Оқу жылы қарсаңында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр және балалардың құқығы қалай қорғалады. Ішкі істер министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің басшылары осы тақырыпты талқылады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлердің кездесуіне онлайн режимде облыс әкімдерінің орынбасарлары, Білім басқармаларының және өңірлердегі Полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты. Күн тәртібіндегі тақырып өзекті, Қазақстан Президентінің ерекше бақылауында және мүдделі мемлекеттік органдар, депутаттар, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың күш біріктіруін қажет етеді.