Данияр Елеусінов – Азияның үздік боксшысы

Данияр Елеусінов – Азияның үздік боксшысы

Данияр Елеусінов – Азияның үздік боксшысы
ашық дереккөзі
Азиялық бокс федерациясы (ASBC) бірқатар номинациялар бойынша жылдың үздіктерін анықтады, деп хабарлады vesti.kz. 2016 жылдың үздік Азия боксшысы – Данияр Елеусінов (Қазақстан); Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы – Инь Жунхуа (Қытай); 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) – Хаято Цуцуми (Жапония); Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) – Пан Сумей (Қытай); 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) – Кристиан Питт Лорент (Филиппин); Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) – Ю Лисай (Қытай); 2016 жылдың Азияның үздік APB боксшысы – Жасурбек Латипов (Өзбекстан); 2016 жылдың Азияның үздік WSB боксшысы – Асланбек Шымбергенов (Қазақстан); Жыл жаңалығы – Шахрам Гиясов (Өзбекстан); 2016 жылғы Азияның үздік жаттықтырушысы – Патрицио Гаспи (Филиппин); 2016 жылдың үздік Азия супервайзері – Карина Пиксон (Филиппин); Азияның үздік техникалық делегаты – Билли Вонг (Макао); Азияның үздік төрешісі – Джинжинг Жанг (Қытай); Бұдан бөлек Қазақстан бокс федерациясы «2016 жылғы Азияның үздік федерациясы» номинациясында жеңіске жетті.