Данияр Елеусінов – Азияның үздік боксшысы

Азиялық бокс федерациясы (ASBC) бірқатар номинациялар бойынша жылдың үздіктерін анықтады, деп хабарлады vesti.kz.

2016 жылдың үздік Азия боксшысы – Данияр Елеусінов (Қазақстан);
Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы – Инь Жунхуа (Қытай);
2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) – Хаято Цуцуми (Жапония);
Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) – Пан Сумей (Қытай);
2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) – Кристиан Питт Лорент (Филиппин);
Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) – Ю Лисай (Қытай);
2016 жылдың Азияның үздік APB боксшысы – Жасурбек Латипов (Өзбекстан);
2016 жылдың Азияның үздік WSB боксшысы – Асланбек Шымбергенов (Қазақстан);
Жыл жаңалығы – Шахрам Гиясов (Өзбекстан);
2016 жылғы Азияның үздік жаттықтырушысы – Патрицио Гаспи (Филиппин);
2016 жылдың үздік Азия супервайзері – Карина Пиксон (Филиппин);
Азияның үздік техникалық делегаты – Билли Вонг (Макао);
Азияның үздік төрешісі – Джинжинг Жанг (Қытай);

Бұдан бөлек Қазақстан бокс федерациясы «2016 жылғы Азияның үздік федерациясы» номинациясында жеңіске жетті.

Back to top button