Әзербайжанда шенеунік әйелі үшін қызметінен кетті

Әзербайжанда шенеунік әйелі үшін қызметінен кетті

Әзербайжанда шенеунік әйелі үшін қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Әзербайжан елінің Лянкяран-Астарин өлкесіндегі аймақтық білім басқармасы директорының орынбасары Фамиль Исаев отбасылық жағдайға байланысты қызметінен кетті деп хабарлады turkystan.kz. Lent.az сайтының хабарлауынша, бұған оның әйелінің денсаулық жағдайы себеп болған. «Әйелінің денсаулығында ақау бар. Ол аймақтың климаты әйеліне сәйкес келмегендіктен жұмыстан кетті», - деп хабарлады білім басқармасындағылар. Айта кетейік, Фамиль Исаев бұл қызметке биылғы жылдың 30 мамырында ғана тағайындалған.