Пәкістанда мешіт мұнарасы құлады

Пәкістанда мешіт мұнарасы құлады

Пәкістанда мешіт мұнарасы құлады
ашық дереккөзі
Пәкістанның Синд провинциясында мешіт төбесі опырылып түсті деп хабарлады turkystan.kz. Салдарына 15 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алған. Оқиға провинцияның солтүстігінде орналасқан Хайрпур қаласында болған. Оқиғаға бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр себеп болған. Су мешіттің тірек конструкцияларын шайып, шатырдың опырылуына әкелген. Бұл кезде мешіт ішінде су тасқыны салдарынан баспаналарынан айырылған адамдар болған. Айта кетейік, Пәкістанда маусым айынан бері жауын-шашын тоқтамай тұр. Осыған байланысты елде жаппай су тасқыны мен көшкін көбейіп тұр.