Жылыжайда есірткі өндіретін шөп өсірген тұрғын ұсталды

Жылыжайда есірткі өндіретін шөп өсірген тұрғын ұсталды

Жылыжайда есірткі өндіретін шөп өсірген тұрғын ұсталды
ашық дереккөзі
Семейлік тұрғын есірткі өсіруге арналған жылыжайды жабдықтаған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» республикалық жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 31 жастағы Семей қаласының тұрғынын анықтады. Ол саяжай алқаптарының бірінен учаскені жалға алып, кейіннен есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған жылыжайды жабдықтаған. Оның гаражын тінту барысында қарасора өсімдіктерінің кептірілген жапырақтары табылып, тәркіленді. Сондай-ақ арнайы жабдықталған жылыжайы бар үйдің қоршауынан полиция жалпы салмағы 10 келі болатын марихуана өсімдіктерінің 16 бұтасын тауып, сот-химиялық зерттеуі бойынша олардың каннабис тобына жататын өсімдік екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиға орнында жалпы салмағы 110 грамнан астам кептірілген және 900 грамнан астам кептірілмеген марихуананың алғашқы партиясының өнімдері алынды.
– Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.