Жаңалықтар

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді

ашық дереккөзі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді

 ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесуде елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзаировқа берген сұхбатында айтқан сөздеріне байланысты қазақстандық тарап наразылық білдіргені туралы айтылды. «Қазақстандық тарап мұндай мәлімдемелердің шет мемлекеттің елшісінің қызметіне жол берілмейтіндігі және сәйкес келмейтіндігі туралы ұстанымын білдірді. Мұндай әрекеттер мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі керек», - дейді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.