«Менің атым Қожа»: Актерлар қалай өзгерді? (ФОТО)

«Менің атым Қожа»: Актерлар қалай өзгерді? (ФОТО)

«Менің атым Қожа»: Актерлар қалай өзгерді? (ФОТО)
ашық дереккөзі
Қазақ балалар киносындағы классикалық туындыға айналған «Менің атым – Қожа» фильміндегі актерлар фильмнен кейін қалай өзгерді? Қожаның рөлін ойнаған Нұрлан Санжар -  сырттай қарағанда томаға-тұйық, артық-ауыс сөзі жоқ ұстамды кісі. Былтыр жетпіс жылдығын тойлады. Нұрлан Санжар – философия ғылымдарының кандидаты, Қaзaқстaн Кинемaтогрaфистер одaғының мүшесі және Қaзaқстaнның еңбек сіңірген қaйрaткері. Бүгінде ол «Қaзaқфильм» киностудиясының «Игровые фильмы» шығaрмaшылық-өндірістік бірлестігінің редaкторы. Үлгілі оқушы, ақылды қыз Жанардың рөлін Гүлнар Құрабаева ойнаған. Ол Политехникалық институтын тәмамдап, инженер мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазір Алматы қаласында тұрады.  width= Юсуф Шамузов «Менің атым Қожа» фильмінен кейін тағы бір қысқа метражды киноға түскен. Кейін ешқандай киноға түспеген. Медициналық институтты бітіріп, 1983 жылы Қазақстанның бокс құрамасының дәрігері болып тағайындалған. Қазір көзі тірі.  width= Жантастың рөлін ойнаған Ерік Құрмашев белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Кинодан кейінгі тағдыры қандай болғаны белгісіз. Ол туралы ақпарат мүлдем жоқ. Жантас Сұлтанның рөлін ойнаған актер Марат Көкенов туралы да дерек аз. Медицина университетінде оқып жүрген кезінде белгісіз жағдайда қайтыс болған. Ал енді бір мәліметтерде журналистика факультетін бітіріп,  1985 жылы қайтыс болған делінеді. «Менің атым Қожа» фильмінен кейін ешқандай киноға түспеген. Сұлтан Раиса Мұхамедиярова (1939-2019 жж.) - Кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген артисі. «Құрмет» орденінің иегері. Еңбек ері, халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің жары. Фильмде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сәбира Майқанова болып ойнайды  width= Қожаның анасы Миллатты ойнаған Бикен Римова (1923 – 2000 жж.) - Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек ауылында дүниеге келген. Актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі. 1943 жылы Алматы театр училищесін бітірген. 1940 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етті.  width= Фильмдегі көрші колхоздағы комбайншы Қаратайдың рөлін сомдаған Мәкіл Құланбаев (1926 – 1993 жж.) - Кеңестік және қазақ кино, театр актері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1948 жылдан қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры құрамында еңбек етті.  width= Қожаның әжесі болған Құрманбаева Зағи (1903-1975 ж.ж) - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Ол – қазақ сахнасында негізінен аналар бейнесінің галереясын жасаған, өткір мінезді, тұрмыстық жанрдағы актриса. 1957 жылдан киноға түскен. Қазақ драма театрында 1959 жылға дейін қызмет етті.  width= Мұғалім Рахмановтың рөлін сомдаған Кененбай Қожабеков ( 1928 - 1988 жж.) - актер, Қазақ КСР-нің халық әртісі. Алматы театр училищесін бітіріп, Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. «Жамбыл» (1952, Нәдір), «Менің атым Қожа» (1963, Әмірқұл), «Қыз Жібек» (1970, Сырлыбай), «Қан мен тер», «Қасқырдың апаны» (1984, Бабахан) фильмдерінде ойнаған.  width= Мектеп директоры Ахметовті сомдаған Қалкен Әділшінов (1913-1980 жж.) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 1932 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының актері қызметін атқарған.  Ұлы Отан соғысына қатысқан.  width=