Жаңалықтар

«Менің атым Қожа»: Актерлар қалай өзгерді? (ФОТО)

ашық дереккөзі

«Менің атым Қожа»: Актерлар қалай өзгерді? (ФОТО)

Қазақ балалар киносындағы классикалық туындыға айналған «Менің атым – Қожа» фильміндегі актерлар фильмнен кейін қалай өзгерді? Қожаның рөлін ойнаған Нұрлан Санжар -  сырттай қарағанда томаға-тұйық, артық-ауыс сөзі жоқ ұстамды кісі. Былтыр жетпіс жылдығын тойлады. Нұрлан Санжар – философия ғылымдарының кандидаты, Қaзaқстaн Кинемaтогрaфистер одaғының мүшесі және Қaзaқстaнның еңбек сіңірген қaйрaткері. Бүгінде ол «Қaзaқфильм» киностудиясының «Игровые фильмы» шығaрмaшылық-өндірістік бірлестігінің редaкторы. Үлгілі оқушы, ақылды қыз Жанардың рөлін Гүлнар Құрабаева ойнаған. Ол Политехникалық институтын тәмамдап, инженер мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазір Алматы қаласында тұрады. Жантастың рөлін ойнаған Ерік Құрмашев белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Кинодан кейінгі тағдыры қандай болғаны белгісіз. Ол туралы ақпарат мүлдем жоқ. Сұлтанның рөлін ойнаған актер Марат Көкенов туралы да дерек аз. Медицина университетінде оқып жүрген кезінде белгісіз жағдайда қайтыс болған. Ал енді бір мәліметтерде журналистика факультетін бітіріп,  1985 жылы қайтыс болған делінеді. «Менің атым Қожа» фильмінен кейін ешқандай киноға түспеген. Раиса Мұхамедиярова (1939-2019 жж.) - Кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген артисі. «Құрмет» орденінің иегері. Еңбек ері, халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің жары. Фильмде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сәбира Майқанова болып ойнайды Фильмдегі көрші колхоздағы комбайншы Қаратайдың рөлін сомдаған Мәкіл Құланбаев (1926 – 1993 жж.) - Кеңестік және қазақ кино, театр актері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1948 жылдан қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры құрамында еңбек етті. Мұғалім Рахмановтың рөлін сомдаған Кененбай Қожабеков ( 1928 - 1988 жж.) - актер, Қазақ КСР-нің халық әртісі. Алматы театр училищесін бітіріп, Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. «Жамбыл» (1952, Нәдір), «Менің атым Қожа» (1963, Әмірқұл), «Қыз Жібек» (1970, Сырлыбай), «Қан мен тер», «Қасқырдың апаны» (1984, Бабахан) фильмдерінде ойнаған.