Жаңалықтар

Неге Қытайдағы оқушылар есепке жүйрік болады?

ашық дереккөзі

Неге Қытайдағы оқушылар есепке жүйрік болады?

Соңғы жылдары Қытайдағы білім беру әдістемесі көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. PISA тестінің нәтижесі бойынша, қытайлық оқушылар басқа мемлекеттердегі өз қатарластарынан оқу және санау жағынан озып кететіні анықталған. Британдық Саутгемптон университетінің ғалымдары олардың қалай жетістікке жететінін анықтау үшін зерттеу жүргізіп, бұл туралы Conversation журналында жазған болатын. Ғалымдар бірауыздан «бүкіл сынып қатысатын интерактивті оқыту жеке немесе топтық жұмыстарға қарағанда тиімді» деген шешімге келеді. Мұндай тұжырымға келмес бұрын ғалымдар әлеуметтік-экономикалық статусы тең Британияның Саутгемптон және Қытайдың Нанкин қалаларынан 563 баланы тесттен өткізген. Олар TIMSS тестінен әлемнің әр түрлі елдерінде мектептегі математикалық білім деңгейі мен сапасын салыстыруға мүмкіндік беретін есептерді қолданған. Екі тесттің біріншісінде қытайлық оқушылар орта есеппен 83%, ал ағылшын балалары 56% ғана жинайды. Ал он аптадан кейін өткен екінші тестте ағылшын оқушылары өз көрсеткіштерін 66%-ға жақсартқан, ал қытайлық оқушылар 87% нәтиже көрсеткен. Содан соң ғалымдар видео арқылы екі елдің мектептерінде сабақ қалай өтетініне анализ жасаған. Қытай мектептерінде сабақтың 72%-ы бүкіл сыныпқа ортақ интерактивті жаттығулар жасаумен өтеді екен. Ал Англияда бұған сабақ уақытының 24%-ы ғана арналады, 47% жеке немесе топтық жұмыстарға кетеді. Қытайда сабақтың 28%-ы жеке жаттығулар жасауға жұмсалады.