Жансая Әбдімәлік әйелдер шахматындағы маңызды дүниені айтты
Жансая Әбдімәлік әйелдер шахматындағы маңызды дүниені айтты
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік желіде оқырмандарының сауалына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
Спортшыға «Шахматқа өз еркімен дайындалған дұрыс па, әлде жаттықтырушымен бе?» деген сұрақ қойылды.
«Жаттықтырушымен жұмыс істеген дұрыс деп есептеймін. Көп пайдасы бар. Өйткені ол сізге маңызды сәттерде ойынды қалай жақсартуға болатынын бірден көрсетеді. Сізді бақылап отырады, талдау жасайды. Қарсыласыңызға дайындайды. Олардың күшті, әлсіз тұстарын зерттейді. Осыдан кейін ойын алдында жалпы картинаны көз алдыңызға елестетіп тұрасыз. Сонымен қатар жақсы жаттықтырушы сізді психологиялық тұрғыдан қолдайды. Әйелдер шахматында бұл үлкен рөл атқарады. Көп нәрсе айтуға болады, бірақ, қысқаша айтқанда, жаттықтырушымен тезірек өсесің. Өзіңіз де жұмыс істеуіңіз керек, бірақ қыздарға бұл оңай емес. ...Сондықтан егер жаттықтырушыға ақы төлеуге мүмкіндік болса, кәсіби маманмен жұмыс істеңіз», – деді шахматшы.