Эмомали Рахмон Өзбекстанмен визалық жүйені алып тастауды ұсынды

Эмомали Рахмон Өзбекстанмен визалық жүйені алып тастауды ұсынды

Эмомали Рахмон Өзбекстанмен визалық жүйені алып тастауды ұсынды
ашық дереккөзі
Тәжікстан Өзбекстанмен визалық жүйені алып тастауды немесе жеңілдетуді қалайды, деп мәлімдеді тәжік президенті Эмомали Рахмон Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Рустам Азимовпен кездесуде. Тәжікстан басшысы өзбек вице-премьерін 27 желтоқсанда Касри Миллат («Ұлт сарайы») қабылдады.
Рустам Азимов бастаған Өзбекстан делегациясы Тәжікстанға екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссия жиналысына қатысуға келді. Кездесуде Рахмон өзбек тарапының екі ел арасындағы әуе байланысын қалпына келтіруге қатысты бастамасын Тәжікстан құптайтындығын атап өтті. Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар экономика, сауда, көлік және коммуникация, энергетика, мәдениет, шекараларды қорғау салаларында екі жақты қарым-қатынастарды арттыру төңірегінде пікір алмасты. Хабарларға қарағанда, үкіметаралық комиссия отырыстарында екі ел арасындағы визалық жүйені жеңілдету мәселелері де талқыланады. Келесі жылдың басында қайта ашылатын Душанбе-Ташкент-Душанбе әуе рейстерінің алғашқы жолаушылары өзбек немесе тәжік визаларын бірден әуежайдан алуы мүмкін.