Жаңалықтар

Ақбөкендерді азайтудың жолы: «Қасқыр санын көбейтейік» деген ұсыныс болған

ашық дереккөзі

Ақбөкендерді азайтудың жолы: «Қасқыр санын көбейтейік» деген ұсыныс болған

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санына қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Үкімет отырсынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген министр, Қазақстандағы ақбөкен санының шамадан тыс өсуіне қатысты әлі нақты шешім қабылданбағанын айтты. "Халық жолдаған ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Яғни, ақбөкендерді басқа аймақтарға мәжбүрлеп көшіру мәселесі. Көбісі басқа облыстарға көшірейік деді. Бірақ, өкінішке қарай, ғылыми қоғамдастық бұл шешімді тиімсіз және рұқсат етілмеген әдіс деп таныды", - деді министр. Министрдің айтуынша, халық жіберген ұсыныс арасында қасқырлар санын көбейту туралы жазылған, бірақ бұл ақбөкендер санының азаюына көмектеспейді. Бұдан бөлек, министр 2023 жылға қарай әуесқой спорт түрі ретінде аң аулауды ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. "Бұл ақылы болады. Бұған дейін ақбөкен Қызыл кітапқа енбегені айтылған болатын. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аң аулауға тыйым салынды. Мәселе әлі де қарастырылып жатыр. Қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз," - деді министр.