Жаңалықтар

Киік атудан спорттық аңшылық ұйымдастырылуы мүмкін

ашық дереккөзі

Киік атудан спорттық аңшылық ұйымдастырылуы мүмкін

Келесі жылы киік атудан спорттық аңшылық ұйымдастырылуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. «Келесі жылы спорттық-әуесқойлық аң аулау ұйымдастыруды қарастырамыз. Бұл ақылы аңшылық болады. Бұған дейін біз ақбөкеннің Қызыл кітапқа енбегенін айтқан болатынбыз. Киіктерді атуға 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тыйым салынған. Бұл мәселелер қазір қаралып жатыр, қазан айының соңына дейін нақты бір шешімге келеміз», - деді министр Үкімет отырысында.