Қазақстанда ет қымбаттай ма?

Қазақстанда ет қымбаттай ма?

Қазақстанда ет қымбаттай ма?
ашық дереккөзі
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасының қатты өсуіне негіз жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Министр ет бағасына болжам жасағанда бірнеше факторды ескеру керек екенін жеткізді. Біріншісі – мал басы. Екіншісі – қаржыландыру мәселесі.
«Қазір ет өндірісінің көлемі өсіп жатыр. Мал басы да артуда. Ірі қара, ұсақ малдың өңделген етінің экспорты ұлғайып жатыр. Сондықтан ахуал тұрақты. Енді баға мәселесіне келсек, өздеріңіз білесіздер, мал шаруашылығының өз шығындары бар. Сатып алатын жанар-жағармайдан бастап, осы салаға қажет дүниенің бәрі қымбаттап жатыр. Сондықтан біршама өсім болуы мүмкін», - деді Қарашөкеев.