Жаңалықтар

Ата-анаға кеңес: психолог баланы мектепке қалай дайындау керек екенін айтты

ашық дереккөзі

Ата-анаға кеңес: психолог баланы мектепке қалай дайындау керек екенін айтты

Психолог Елена Болдырева ата-аналарға оқушының сабаққа барғысы келмейтінін талқыға салмай, оған жанашыр болуға шақырды деп хабарлады  turkystan.kz. Оқушының бастапқыда сабаққа барғысы келмеуі – қалыпты дүние. Өйткені ересектер де еңбек демалысынан кейін "Тағы бір апта демалғанда ғой" деп айтатыны бар. Мұндайда маман балаға қарсы сөз айтпай, әңгімені «Демалыс ұзаққа созылса жақсы болар еді» деген сөздермен бастаған дұрыс екенін атап өтті. Сарапшы «Известияға» берген сұхбатында айтқандай, баламен сөйлесу маңызды. Өйткені оны күрделі проблемалар алаңдатуы мүмкін. Мысалы: сыныптастарымен немесе мұғаліммен нашар қарым-қатынас. Сондай-ақ маман кейін шаршаған кезде энергияны қалпына келтіру үшін демалыстағы жағымды естеліктерге толы фотосуреттерді жинап жүруге кеңес берді. Сонымен қатар мектеп атмосферасына көбірек назар аударуды ұсынды. «Ата-ана балаға көмектесуге әрқашан дайын екенін жеткізуі керек», – дейді сарапшы. Сонымен қатар психолог ата-аналарға іштей уайымға берілмеуге шақырды: олар көбіне балаға қарағанда мектепке көбірек алаңдайды. Сосын балада қорғаныс реакциясы іске қосылып, мектепке барғысы келмеуі мүмкін. Психологтар оқушының сабақ оқитын жерін жаңартып, баланың киімін немесе рюкзактарын бірге барып сатып алу жаңа оқу жылын жақсы бастауға көмектесетінін айтты.