Түркістан облысында бір мектептің барлық түлегі грантқа түсті (ВИДЕО)

Түркістан облысында бір мектептің барлық түлегі грантқа түсті (ВИДЕО)

Түркістан облысында бір мектептің барлық түлегі грантқа түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Биыл Жетісай қаласындағы Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясын бітірген 63 түлектің барлығы мемлекеттік грантқа ие болды деп хабарлады turkystan.kz Хабар-24 телеарнасына сілтеме жасап.  Олардың бәрі Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған. Бұл мектептің түлектері жыл сайын осындай аса жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Қоғамда мұндай нәтижеге күмәнмен қарайтындар бар. Бірақ, мектеп басшысы мұның сыры қарапайым дейді: білікті педагогтар және зерек оқушылар.
«Мектепке келген әрбір баланың сапалы білім алуы, әрбір тапсырманы меңгеруі – біздің басты міндетіміз», - дейді мектеп директоры Өмірхан Қозыбақ.
Айта кетсек, Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназия 1986 жылы ашылған. 2009 жылы оған гимназия деген статус берілді. Соңғы 20 жылда мектептен 444 Алтын белгі, 220 Үздік аттестат иесі түлеп шыққан.
 «Ұжымда ауызбіршілік бар. 1-сыныптан бастап балаларды оқуға дайындаймыз. Соның нәтижесі былтыр, мысалы, 58 бала бітірді. 40 алтын белгі, қалғаны үздік аттестат. Соның 57-сі мемлекеттік грантқа түсті. Биылғы бітіргендердің 30-ы алтын белгі, 21-і үздік аттестат, қалғаны жәй аттестат, барлығы мемгрант арқылы оқуға түсті», – деді директор.