Бидай бағасының өсуі нан бағасына әсер еткен жоқ – Қарашөкеев

Бидай бағасының өсуі нан бағасына әсер еткен жоқ – Қарашөкеев

Бидай бағасының өсуі нан бағасына әсер еткен жоқ – Қарашөкеев
ашық дереккөзі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Егін жинау науқанын табысты өткізудің негізгі мәселесі фермерлерді қаражатпен қамтамасыз ету болып саналады. Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы желісі бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Кең дала» бағдарламасы аясында 110,0 млрд теңге сомасына 3,7 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында осы жылы Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды. Соның арқасында Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 1 137,3 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды. Ол үшін 80 млрд теңге бөлінді», - деді министр.
Ербол Қарашөкеевтің дерегінше, Азық-түлік корпорациясында 362,8 мың тонна көлемінде резервтік астық қоры бар.
«Аталған астық көлемі қажет болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады. Мысалы, осы жылы Азық-түлік корпорациясының ресурстары әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыруды жүзеге асырды. Ұн тарту кәсіпорындарына өңірлердің өтінімдері бойынша жоспарланған көлем 256,8 мың тонна болса, 204,9 мың тонна тиеп, жөнелтілді. Көріп отырғанымыздай, бидай бағасының өсуі әлеуметтік нан бағасына әсер еткен жоқ», - деді ол.