Министр: Арал теңізінің солтүстік бөлігін дамыту жобасы әзірленіп жатыр

Министр: Арал теңізінің солтүстік бөлігін дамыту жобасы әзірленіп жатыр

Министр: Арал теңізінің солтүстік бөлігін дамыту жобасы әзірленіп жатыр
ашық дереккөзі
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында Аралды сақтау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«Аралды сақтау үшін қазіргі уақытта «Арал теңізінің солтүстік бөлігін дамыту және қалпына келтіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы Шалқар көлін тазарту жұмысы жалғасуда», - деді Серікқали Брекешев.
Сонымен қатар Брекешев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы 100 мың га сексеуіл отырғызғанын атап өтті.
«Биыл 250 мың гектар отырғызу жоспарланған. Осы жылдың көктемінде 12 мың гектар сексеуіл отырғызылды, қалған 238 мың гектар алқабындағы бөлігі күзде отырғызылады. Көрсеткіштер толығымен орындалатын болады», – деп мәлімдеді министр.