Коронавирус: 27 адамның жағдайы ауыр

Коронавирус: 27 адамның жағдайы ауыр

Коронавирус: 27 адамның жағдайы  ауыр
ашық дереккөзі
23 тамыздағы мәлімет бойынша, 20 993 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Олардың ішінде 829 пациент стационарда, 20 164 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 27 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 328 жағдайы тіркелді.