Павлодар облысы әкімінің орынбасары отставкаға өтініш берді

Павлодар облысы әкімінің орынбасары отставкаға өтініш берді

Павлодар облысы әкімінің орынбасары отставкаға өтініш берді
ашық дереккөзі
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қарамағындағы қызметкердің пара алуына байланысты отставкаға кету туралы өтініш берді. Дегенмен өңір әкімі оны қабылдамады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Әкімдіктің ақпаратынша, Айзада Құрманова білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді.
«Айзада Құрманованың қарамағындағы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бұрынғы басшысы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айыпталды. Тиісінше, пара алған қызметкерге қатысты шыққан үкім күшіне енді. Сондықтан әкімнің орынбасары отставкаға кетпек болған. Дегенмен облыс басшысы Әбілқайыр Сқақов оны қабылдамай, орнына қатаң сөгіс жариялады», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.