Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды
Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды
Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде сарбаз қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz «Ұлттық ұланның» «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Абылай Берікұлы Сабыров (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды.
Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.