Сомалидегі құрғақшылық: 7,7 млн адам су мен тамаққа зәру

Сомалидегі құрғақшылық: 7,7 млн адам су мен тамаққа зәру

Сомалидегі құрғақшылық: 7,7 млн адам су мен тамаққа зәру
ашық дереккөзі
Сомали кейінгі онжылдықта құрғақ­шы­лықтан зардап шегуде. Миллион­даған халық ішер су мен тамақ таппай үйлерінен алыс аймаққа қоныс аударып жатыр. Сомалиде 2011, 2016 және 2021 жылдары үш үлкен нәубет болды. 2011 жылы БҰҰ аталған елде жұт басталғанын жариялады, онда 3,7 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігінің дағдарыстық деңгейіне тап болды. Ал биыл құрғақшылықтың салдарынан 7,7 миллион адам аштықта өмір сүріп жатыр. Бүгінде ұлыбританиялық «Мұсылман қолдары» қайырымдылық ұйымы аштықтың зардабын тартқан әйелдер мен балаларға көмектесіп, оларды азық-түлікпен, сумен қамтамасыз етуде. The New Arab газеті Сомали 30 жылдан астам қақтығыс пен климаттық апаттардан зардап шегіп келе жатқанын жазған. Бұл әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның құлдырауына және кедейліктің кең таралуына әкелді. Сомали - Африканың солтүстік-шығысындағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 637,7 мың км2. Халқы саны – 16 186 504 (2005). Астанасы – Могадишо қаласы. Халқының 98%-ға жуығы сомалиліктер, олардан басқа арабтар, суахилиліктер, италиялықтар, үнділер, тұрады. Ресми тілі – сомали, араб тілі. Тұрғындарының 99%-ы - мұсылмандар. Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы (ГМҮБ) бұл елдегі су көзінің 80%-ы құрғақшылықтың салдарынан құрғағанын хабарлады. Сомалиде 40 жылдан астам уақыт ішіндегі ең қатты құрғақшылық байқалды. Адамдар су мен ішер асқа зәру.
«Біз Саплаал ауылынан Могадишо қаласына жақсы өмір іздеп келдік. Бізге су мен тамақ керек болды. Қалада отбасымды асырау үшін көшеде қайыр сұраймын. Балам аш болғандықтан күні-түні жылайды. Ондай кезде жүрегім ауырады», – дейді Хаво есімді жалғызбасты ана The New Arab газетіне берген сұхбатында.
 width= Сомалиде 6 миллион адам ауыл шаруашылығымен айналысып, отбасын асырап отыр. Егін егетін егістік орындарының жетіспеушілігі және Украинадағы жалғасып жатқан соғыс азық-түлік бағасының рекордтық деңгейде қымбаттауына әкелді. Нәтижесінде Сомалидегі 4 миллионға жуық адам аштықтан қайтыс болды. Хаво сияқты қоныс аударған адамдар қазір Могадишодағы халық көп қоныстанған лагерьлерде тұрады. Мұндағы фермерлер құрғақшылықтан зардап шеккен. Олардың 100 бас ірі қарасы қырылып қалған. лагерь Сомали The New Arab-қа үш баласынан айырылған Рукайя да  сұхбат берді.
«Бір аптада менің үш қызым аштықтан қайтыс болды. Біз су мен тамаққа мұқтаж болдық. Бұл жағдайдан соң мен Могадишоға көшіп келдім», – дейді ол.
 width= The New Arab тілшісі Сомалидегі «Мұсылман қолы» ұйымы ашаршылықтан, қуаңшылықтан зардап шеккен тұрғындарға жүк көліктерімен су, азық-түлік таратып жатқанын жеткізді. Ұйым көмекке келмес бұрын мұндағы аш адамдар 40 литр суды (3 доллар шамасында) ақшаға сатып алып жүрген. Суды ауыр сары канистрлерді матамен орап, көбінесе әйелдер арқалап тасып жүргенін көруге болады.
 «Мен мұнда алғаш келгенде 6 ай бойы су тапшы болды. Біз қиын кезеңдерді бастан өткердік. Жақында қалпына келтірілген құдық үлкен маңызға ие болды. Мұндай суды лагерьлерде сатып ала алмаймыз», – деді қауымдастық жетекшісі Фархан Али Фарах.  
 width= Фарханның әйелі – отбасының негізгі асыраушысы. Күнде сүт сатып, 6 доллар табыс табады. Сомалидегі көптеген әйел отбасының негізгі асыраушысына айналған. Жалғызбасты Аминоға «Мұсылман қолдары» ұйымы бір жыл бұрын бір айға жететін тауарымен дүкен сыйлады.
«2 жыл бұрын аштықтың кесірінен бәрін жоғалттым. Ол кезде маған отбасымды асырау өте қиын болды. Ал бүгінде осы кәсібіммен анамды, қызымды және оның балаларын асырап отырмын. Қазір жағдайымыз жақсы», – дейді Амино.
амино