Жаңалықтар

Мәскеу соты 2014 жылғы Майданды «мемлекеттік төңкеріс» деп таныды

ашық дереккөзі

Мәскеу соты 2014 жылғы Майданды «мемлекеттік төңкеріс» деп таныды

Мәскеу соты Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Владимир Олейниктің Украинадағы 2014 жылғы оқиғаны мемлекеттік төңкеріс деп тану туралы шағымын қанағаттандырды. Бұл жөнінде Интерфакс хабарлайды. Сот шешімінде "Батыс елдердің бір жақты қолдауы нәтижесінде Киев Майданында оқиға орын алып, жаппай тәртіпсіздікке әкелді. Әкімшілік ғимараттарды басып алды, құқық қорғау органдары қызметкерлерін өлтірді, Украина Конституциясын бұзып, ел президенті Виктор Януковичті заңсыз тақтан тайдырды" делінген. Ресми Ресей Украинадағы 2014 жылдың ақпан айындағы оқиғаны "төңкеріс" деп бірнеше рет атады. Бірақ соған қарамастан, Мәскеу мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының қорытындысын, Петр Порошенконың жеңісін мойындады. Батыс елдері болса, 2014 жылғы ақпан оқиғасын төңкеріс деп есептемейді. Олар Виктор Янукович президент міндетін атқарудан қашып, Киевті өзі тастап кетті дейді. Ал Мәскеу соты Олейник шағымын 15 желтоқсаннан бастап қарай бастаған. Сот отырысында Виктор Янукович куәгер ретінде сөз сөйледі.