Жаңалықтар

Кардиолог маманға жиі қойылатын 3 сұрақ – дәрігер жауабы

ашық дереккөзі

Кардиолог маманға жиі қойылатын 3 сұрақ – дәрігер жауабы

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-ның кардиолог дәрігері Халимназарова Рашида Тахировна кардиолог маманға жиі қойылатын 3 сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. - Дәрігер, менің жүрегім ауырып тұр, жүрегімнің тамырларында тромб жоқ па екен, қарап көріңізші… - Жүрек ауруларының барлығы қантамырлардағы тромбтарға байланысты емес. Сондай-ақ кардиологтың стандартты қабылдауында қантамырларда тромбтың бар-жоғын анықтау мүмкін емес. Тіпті жүрекке УДЗ және ЭКГ жасалған болса да. Бұл зерттеулер мен талдаулардың нәтижелері бойынша жүрек тамырлары зақымдалған деген тұжырым жасауымыз мүмкін. Нақтылау үшін жүректің КТ ангиографиясы немесе коронарография секілді дәйекті зерттеулерден өту керек. - Кейін әуре болмас үшін қабылдауға келерден бұрын қандай талдауларды тапсырып келген жөн? - Кардиолог дәрігердің алғашқы қабылдауына бару үшін жалпы талдауларды тапсырсаңыз жеткілікті: жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, биохимия (кеңейтілген) және коагулограмма, сондай-ақ жүрек УДЗ-сы және ЭКГ.