Жаңалықтар

Махамбет атындағы театр басшысы Берік Жәменов өмірден өтті

ашық дереккөзі

Махамбет атындағы театр басшысы Берік Жәменов өмірден өтті

Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының басшысы  Берік Қилекешұлы Жәменов өмірден өтті деп хабарлады turkystan.kz. Берік Жаменов 1964 жылы Гурьев облыстық музыкалық училищесінің Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің домбыра сыныбын бітірген. 1989-1992 жылдары Атырау облыстық филармониясының ансамбль жетекшісі және ұйымдастырушысы болды. 1992-2000 жылдары Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония директорының орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылы Дина Нұрпейісова атындағы мұнайшылар Мәдениет сарайының директоры болды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрына басшылық еткен Берік Жаменов Қазақстан Театрлары Ассоциациясының театр өнеріндегі ұйымдастырушылық жетістіктері үшін «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының «Ең үздік менеджер» номинациясымен марапатталған болатын.