Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға

22 тамыз, 2022 / Зердебек Темір
ашық дереккөзі
Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға Қазақтың саяси, қоғамдық өмірінде, әдебиет пен мәдениетінде, өнерінде тұңғыш болып із салған тұлғалар бар. Turkystan.kz сайты назарларыңызға солардың ішіндегі 10 тұлға туралы дерек ұсынады. Жамбыл ЖАБАЕВ Тұңғыш «ХХ-ғасыр Гомері» атанған тұңғыш қазақ; Ешкімнен жеңіліп көрмеген тұңғыш айтыс ақыны; 1938 жылы 15 шілдеде Қазақ ССР Жоғары Советінің тұңғыш сессиясын өлеңмен ашқан ақын; Қазақстанның тұңғыш 100 жасаған ақыны. Әлихан БӨКЕЙХАНҰЛЫ Орынборда «Алашорда» деген атпен алғаш құрылған қазақ өкілдерінің тұңғыш төрағасы; «Коммунистер манифесін» тұңғыш қазақшаға аударған қазақ. Қажымұқан МҰҢАЙТПАСҰЛЫ Французша күрестен әлемнің чемпионы болған тұңғыш қазақ; Еркін күрестен әлемнің чемпионы болған қазақ; Джиу-джитса (карате) күресі бойынша дүние жүзі біріншілігінің жеңімпазы болған тұңғыш қазақ. Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ Тұңғыш қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаған адам; Тұңғыш әдебиеттану ғылымының негізін салған адам; Арап қарпіндегі тұңғыш төте жазу әліпбиін жасаушы; Тұңғыш тіл ғылымына және әдебиеттануға қатысты қазақ терминдерін жасап, ғылыми айналымға түсіруші. Мұхамеджан ТЫНЫШПАЕВ Қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері; Қоқан автономиясының тұңғыш Үкімет басшысы; Кеңес заманында қазақ халқының ежелгі тарихын жазған тұңғыш зерттеуші. Қоңырқожа ҚОЖЫҚОВ Тұңғыш қазақша «Әліппе» оқулығын шығарушы. Әліби ЖАНГЕЛДИН Дүние жүзі пролетариатының көсемі аталған В.И.Ленинмен бірнеше рет кездескен, пікірлескен тұңғыш қазақ; Тұңғыш революциенер қазақ. Міржақып ДУЛАТОВ Тұңғыш қазақ романының авторы; Бастауыш мектеп балаларына арнап тұңғыш оқулық жазған жазушы. Әміре ҚАШАУБАЕВ Шетелде жүлде алған тұңғыш қазақ әншісі. Санжар АСФЕНДИЯРОВ Мәскеу Мемлекеттік университетінің тұңғыш қазақ профессоры; Шығыстану институтының тұңғыш қазақ ректоры; Қазақ университетінің тұңғыш директоры; Қазақ медицина институтының тұңғыш ректоры; Қазақтан шыққан тұңғыш көп тіл білетін полиглот ғалым; Тұңғыш «Қазақстан тарихы» атты тарихи еңбек жазған ғалым.