Жаңалықтар

Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар көмек береді

ашық дереккөзі

Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар көмек береді

Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 млн доллар береді. Бұл келісімге Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылды. Осылай деп Қырғызстанның вице-премьер-министрі Олег Панкратов мәлімдеді. Оның сөздерінше, келісімге осыған дейін қол жеткізген. Бірақ құжатқа қол қою созылып келген. Бұл ақша бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту үшін және ЕАЭО талаптарына сай зертхана орналастыруға бөлінген. 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесі өтті. Онда ЕАЭО-ның Кедендік кодексіне қол қойды. Кодекс 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.