Путинді сынағаны үшін ақтөбелік кәсіпкер үш жылға сотталды

Путинді сынағаны үшін ақтөбелік кәсіпкер үш жылға сотталды

Путинді сынағаны үшін ақтөбелік кәсіпкер үш жылға сотталды
ашық дереккөзі
Қазақстанда Facebook әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинді сынағаны үшін кәсіпкер Санат Досов үш жылға сотталды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Ақтөбе қалалық соты кәсіпкер Досовты РФ Қылмыстық кодексінің 282 бабы бойынша әлеуметтік араздық туғызды деген айыппен соттады. Қылмыстық істің қозғалуына түрткі болған - кәсіпкердің Владимир Путин жайлы әлеуметтік желідегі жазбалары. "Ақтөбе Таймс" басылымының жазуынша, Досов өзінің постарында Путин "елді құлатып жатыр" деп, ресейліктерді "фашизмді тоқтатуға" шақырған. Сотталушының адвокаты сот үкімімен келіспейді, шағым беруге дайындалып жатыр. Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің сөздерінше, істе ешқандай криминал жоқ. Санат Досов сотта айыбын мойындап, өкінетінін білдірді. Ол алты баласы бар екенін, оның төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған деп судьядан бостандығынан айырмауды сұрады.