Бірнеше облыста аяз бен тұман болады

Бірнеше облыста аяз бен тұман болады

Бірнеше облыста аяз бен тұман болады
ашық дереккөзі
Синоптиктер 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады деп хабарлады turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігін тұман басады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман болады.